«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы Нұр-Сұлтанда министрлер конференциясын өткізеді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

ДСҰ министрлер конференциясы 2020 жылдың 8-11 маусымы аралығында EXPO іскерлік орталығының нысандарында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлер конференциясын ұйымдастырып, өткізетін оператор болады.     

Халықаралық сауда саласындағы жаһандық іс-шара – Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлер конференциясы (МК-12) 2020 жылдың 8-11 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында EXPO іскерлік орталығының нысандарында өтеді.

Осындай ауқымдағы ДСҰ шарасы ұйымның негізін қалаушы болып табылмайтын елде алғаш рет өткізілмек.

MK-12 жұмысына қатысушы 164 елдің және ДСҰ-ның 20 бақылаушы елінің сауда министрлері, сондай-ақ әлемдегі халықаралық сауда саласындағы негізгі сарапшылар қатысады деп жоспарлануда.

Шараға қатысушылардың жалпы саны 5-6 мың адамнан асады.

Ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырудағы маңызды және табысты тәжірибесі, кез келген форматтағы және конгрестік, көрме іс-шараларын жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті инфрақұрылымның бар екені ескеріле отырып, «Астана-ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы МК-12 шарасын ұйымдастырып, өткізетін негізгі оператор ретінде анықталды.

Министрлер конференциясы шеңберіндегі отырыстар мен іс-шаралар EXPO іскерлік орталығының нысандарында – Конгресс- орталық, Халықаралық көрме орталығы, Hilton Astana, Астана халықаралық қаржы орталығында өтеді.

Еске салайық, осы жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Женеваға сапары аясында Қазақстан Республикасының үкіметі мен Дүниежүзілік сауда ұйымы арасында ДСҰ 12-ші министрлік конференциясын Нұр-Сұлтанда өткізу туралы келісімге қол қойылды.

Министрлер конференциясы екі жылда бір рет өткізілетін ДСҰ-ның жоғарғы басқару органы болып табылады. Органның құзыретіне көпжақты сауда келісімдері шеңберіндегі барлық мәселе бойынша шешім қабылдау, соның ішінде халықаралық сауданы реттейтін жаңа тәртіптерді бекіту құқығы кіреді.



sputniknews.kz