Астана іргесіндегі Қосшы ауылының мәртебесі өзгерді

0
395

Қосшы қазір ол облыстық маңызы бар қалаға айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KzNews.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  4.  Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»

 

Қаланың жалпы ауданы – 2413 га, халқы – 50 мыңнан астам адам. Мұнда бірнеше орта мектеп, клуб, мәдениет үйі, «Жанұя» отбасылық денсаулық орталығы, тұрмыстық қызмет көрсету орындары, дүкендер, дәріханалар, кафелер мен мейрамханалар бар.