«Астана» Франция кубогының жартылай финалисін жеңді




Фото: ашық дереккөзден
Астана, BAQ.KZ. Елордалық «Астана» футбол командасы франциялық «Шамбли» клубымен өткен жолдастық кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жетті.
«Астананың» жаттығу жиыны 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Содан кейін астаналық команда УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында Реннге қарсы ойнайды. Осы матчта турнирдің 1/16 финалы жолдамасының тағдыры шешілейін деп тұр. Плей-оффқа шығу үшін астаналық командаға қарсыласымен тең ойнаудың өзі жеткілікті.
Еске сала кетсек, «Шабли» – Франция кубогының жартылай финалисі және осы елдің мықты дивизионында үшінші орында тұр.
«Астана» — «Шамбли» 1.0
Гол: Кабананга.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ