«Астана» бюджеті туралы алғаш рет айтылды

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 08:13 248

«Астана» бюджеті туралы алғаш рет айтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Соңғы бес жылдағы Қазақстан чемпионы «Астана» клубы кейбір қаржылық ақпараттарын бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Атап айтқанда, жылдық бюджет биыл 31 миллион долларды құрайды. «Астананың» 2017/18 жылғы маусымдағы бюджеті де 31 миллион доллар болатын, ал 2016/17 жылғы маусымда — 29 миллион доллар, 2015/16 — 22 миллион доллар болған.

Биылғы еурокубоктар маусымында елордалық ұжым алдымен Чемпиондар лигасында ойнап, іріктеу кезеңінің плей-офф матчына дейін барды, ал сол жерден Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Өз тобында 8 ұпаймен 3-орынды қанағат тұтқан елордалық ұжым еурокубоктардың көктемгі кезеңіне шыға алған жоқ.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz