Астана басқарма басшысы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

0

Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеуді аяқтады» делінген хабарламада.

Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 миллион ​​теңге залал келтірді деген күдікке ілінді.

Шенеуніктің сотқа тартылғаны көрсетілді.

Қазіргі уақытта бұл қызметті Қожабаева Әлия Төлеутайқызы атқарады.

ақпарат, фото: Orda.kz