Астана әуежайын аяғынан тік тұрғызған «тырысқақ»: Бекшин мән-жайды айтып берді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Үндістанның Дели қаласынан Астанаға ұшып келген Air Astana ұшағында тырысқақ жұқтырды деген күдікпен Украина азаматы тексерілді

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Астана әуежайындағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, бір жолаушының тырысқақ ауруын жұқтыруы мүмкін деген ақпарат кеше кешкі сағат 19:30-да түскен. Air Astana ұшағы Делиден Астанаға ұшып келе жатқан. Лайнер елорда әуежайына 23:50-де жетті, ұшақ бортында 136 жолаушы болған.

Бекшиннің айтуынша, жолаушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әрі қарай медициналық бақылаудан өткізу үшін төлқұжаттағы мәліметтері алынып, мекенжайлары нақтыланды.

«Науқас пен оның әріптестерін дәрігерлер тексеріп шықты. Диагнозды нақтылау үшін жұқпалы аурулар ауруханасына баруды ұсындық. Олар ұзақ уақыт бойы келіскен жоқ, бірақ бактериологиялық зертханалық зерттеулер жүргізу үшін жатқызылды», — деді бас санитарлық дәрігер үкімет кулуарында.

  • Air Astana ұшағында тырысқақ жұқтырды деген күдікпен Украина азаматы тексерілді

    Air Astana ұшағында тырысқақ жұқтырды деген күдікпен Украина азаматы тексерілді


    ©
    Foto : пресс-служба министерства здравоохранения РК

  • Air Astana ұшағында тырысқақ жұқтырды деген күдікпен Украина азаматы тексерілді

    Air Astana ұшағында тырысқақ жұқтырды деген күдікпен Украина азаматы тексерілді


    ©
    Foto : пресс-служба министерства здравоохранения РК

1 / 2


©
Foto : пресс-служба министерства здравоохранения РК

Air Astana ұшағында тырысқақ жұқтырды деген күдікпен Украина азаматы тексерілді

Жатқызылғандардың бәрі – Украина азаматтары. Үндістанда шамамен екі айдай болыпты, Астана арқылы Киевке бет алған жолаушылар екен.

Бекшин нақты диагноз екі-үш тәуліктен кейін қойылатынын атап өтті.

«Ұшақ бортында профилактикалық шаралар толығымен жүргізілді. Ұшақ қонар алдында шұғыл штаб құрылып, түсіндіру жұмысын жүргізу үшін лайнердің қонатын орны анықталды. Жолаушылардың жүктері, көлік, автобустар зарарсыздандырылды. 30 минуттан кейін жолаушылар шекаралық бақылаудан өтуге жіберілді», — деді комитет төрағасы.

Тырысқақ жұқтырған болуы мүмкін деген Украина азаматының қызуы көтеріліп, іші өткен, лоқсыған.



sputniknews.kz