Астана атауын өзгертуге қанша ақша жұмсалады: министр жауап берді

0

Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік ғимараттардың маңдайша жазуларын ауыстыруға қанша ақша кететіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Елорда атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Астана атауын өзгерту үшін қосымша қаражат бөлінбейді. Мұның бәрі ағымдағы бөлінген қаржы есебінен жүзеге асады», — деп сендірді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан мемлекеттік органдардың ғимаратының белгілері де жыл сайын бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асады.

«Бланктерді өзгерту бойынша. Біздің мемлекеттік органдар электронды құжат айналымына көшкенін білесіздер. Сондықтан бланктерді өзгерту айтарлықтай шығынды қажет етпейді. Нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгеріс енгізу үшін де қосымша ақша керек емес. Жергілікті атқарушы органдардың белгілері мен бланктерін өзгерту жергілікті бюджеттің шығындары есебінен іске асырылады», — деді Смайылов.

Премьер-министр елорда атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді

Ол елорда әкімдігі ғимараттардың маңдайшалары мен атауларды бір мезетте емес, кезең-кезеңмен ауыстыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.
«Астана қаласының бюджетінде ескірген белгілерді ауыстыру үшін жыл сайын 40 миллион теңге қарастырылады. Сондықтан қосымша ақша бөлінбейді, бәрі қазір сол қазіргі бюджет шегінде», — деді министр.

Астана Нұр-Сұлтан деп өзгерді: министрлік көпті мазалаған мәселеге нүкте қойды



sputniknews.kz