«Астана аруының» кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды – фото
Қысқа сілтеме алу
«Астана аруы-2018 «титулына ие болған ару тұрмысқа шықты. Үйлену тойы 27 қазан күні Алматы қаласында өтті
НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. «Астана аруы-2018» Еркеназ Сейфулла тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еркеназ Сейфулла «Қазақстан аруы» байқауына қатысқан кезде «Sputnik таңдауы» титулына ие болған еді.
©
Sputnik / Тимур Батыршин
«Астана аруы-2018» Еркеназ Сейфулла
Үйлену тойы 27 қазан күні Алматыда өтті.
«Жас жұбайларды құттықтаймыз. Махаббаттарың мәңгі болсын», — деп құттықтады «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының ұйымдастырушылары.
Бірнеше күн бұрын қыз ұзату тойы өтті. Бұл кезде Еркеназ ұлттық нақыштағы көйлек киді.
Бұған дейін Sputnik Қазақстан-ға берген сұқбатында махаббат туралы ойын айтқан еді.
Еске сала кетсек, 2018 жылы Еркеназ Сейфулла 17 жасында «Астана аруы» байқауында жеңіске жетті. 2019 жылдың көктемінде «Қазақстан аруы» қатысушыларының бірі болды. Алайда денсаулығына байланысты сахнаға шыға алмай қалды.
Еркеназдың таңдауы
Еркеназдың күйеуі 26 жастағы Досым Оқасов – кәсіби футболшы. «Қайрат-М» және «Спартак» футбол клубтарында ойнаған.
©
Sputnik / Тимур Батыршин
Еркеназдың күйеуі 26 жастағы Досым Оқасов
sputniknews.kz