«Астана Арландары» таратылып, WSB-дің келесі маусымына қатыспайды — Бокс

«Astana Arlans» бокс клубы таратылады, — деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы бүгін есеп беру конференциясында Қазақстан бокс федерациясы ұйымының вице-президенті Данияр Әбілғазин хабарлады.
«Astana Arlans» бокс клубы таратылады. Бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдадық. Келесі маусымнан бастап бұл жарысқа қатыспаймыз, — деді ол жиын кезінде.
«Astana Arlans» WSB жобасындағы ең нәтижелі командалардың бірі болған. 2012/2013, 2014/2015 және 2017 жылдары жарыс жеңімпазы атанды. Еліміздегі ең мықты боксшылар да осы жоба аясындағы жекпе-жектерде бақ тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдаған.
Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) соңғы жылдары тоқырап келеді. Көп командалар бірер маусым ғана қатысып, кейіннен жарысқа қатысудан бас тарта бастады.