Астана әкімдігі 2030 жылға дейін қызметтік көлік орнына такси қызметін пайдаланады
Астана әкімдігі қызметтік автокөліктердің орнына таксиді кем дегенде 2030 жылға дейін пайдаланатын болады.
Астана әкімдігі қызметтік автокөліктердің орнына таксиді кем дегенде 2030 жылға дейін пайдаланатын болады. Бұл туралы елорданың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы БАҚ сұрауына жауап кезінде хабарлады.
Жеке серіктесті таңдау үшін ведомство ашық конкурс өткізді. Оның қорытындысы бойынша әкімдік автомобиль сатып алмай көлік қызметтерін көрсету үшін жеті жыл мерзімге (2024 жылдан 2030 жылға дейін) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасты.
«Шарт қызметтердің сапасын арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған инновацияларды көздейді. Жаңа келісімнің басты ерекшеліктерінің бірі-тұрақтылық пен үнемділікке баса назар аудару. Электромобильдерді пайдалану, сондай – ақ қала аумағында инфрақұрылым құру міндетті шарт болып табылады», — деді басқарма.
Шарт шеңберінде елорда әкімі жұмыс уақытында қазақстандық Kia автокөлігімен жүретін болады.