Асқар Жұмғалиев 42500 теңгелік жәрдемақыны тағайындау барысында туындаған ақаулар жайлы пікір білдірді – Қазақстан жаңалықтары

0
1

ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 42500 тегелік жәрдемақыны тағайындау барысында туындаған электронды порталдағы ақаулар жайлы түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде миллионнан астам адамға электронды қызмет көрсетілген. 

«Күнделікті режимде порталда сағатына 600 мың өтінім түсетін. Қазір ең жоғары шектегі жүктеме кезінде сағатына 15 миллионға дейін жетіп отыр. Бұл өз кезегінде елеулі жүктеме», – деді шенеунік. 

«Өздеріңіз білесіздер, елімізде төтенше жағдай жаряланды. Бұл күндері менің әріптестерім барлық ресурстарды іске қосып, мүмкіндігінше жұмыс істеуде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, оларға зор алғыс білдіремін. Электронды үкіметтің жұмыс істеу мүмкіншілігіне тоқталсақ, халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылғаннан кейін, портал штаттық режимде жұмыс істеді. Төтенше жағдайға байланысты порталды пайдаланушылар саны бірден көбейді. Осыған қарамастан портал штаттық режимде жұмысын жалғастырды», – деді министр.

Жұмағалиевтің 42 500 теңгенің төлемі бойынша қызметті енгізуге қатысты регламент 28 наурызда бекітілгенін алға тартты. Осыған байланысты ІТ-мамандарға бұл регламент жеткізіліпті

«Біз түні бойы жұмыс істеп, аталған қызметті іске қостық. Осыдан кейін әлеуметтік төлемді ұсынуға қатысты тиісті қызметті іске асыруды бастадық. Порталда бір мезгілде 15 миллионға дейінгі сессия тіркелді. Бұл көрсеткіш барлық штаттық режимдерден асып түсті. Әрине, бұл тұрғыда белгілі бір мәселелер туындап, біз проблемаларды шешу мақсатында сыртқы каналдарды ажыраттық», – деді Жұмғалиев.


450 мыңға жуық қазақстандық 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш берген

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз