Асқар Жұмаділдаев: Қазақ ешуақытта әйелін мақтамаған. Бізге жат

0
1723
Сурет: http://asqar.org/

Белгілі ғалым, математик Асқар Жұмаділдаев сұхбаттарының бірінде айтқан «Дос түгілі, махаббат дегеннің өзін түсінбеймін…» деген сөзін түсіндірді. Сондай-ақ, ол қазақ халқы үшін әйелін мақтау жат әрекет екенін айтты.

— Махаббат жолыңыз болған адамсыз ба?

— Болған адаммын.

— Сүйесіз ғой?

— Ойбай-оу. Бірақ ондайды қазақ айтпайды. Білдің бе? Әйелін мақтаған қазақты көрдің бе? Ешкім айтпайды, бірақ іштей жұрттың бәріне білінеді. Орыстар, татарлар әйелдерін мақтай береді. Біз мақтамаймыз. Ол жаман деген сөз емес.

— Қазақ сүйе алмай ма сонда?

— Жоқ, оның барлығы бос сөз. Қазақтың менталитеті бөлек. Мысалы, жапондарға қарасаң, жымиып отырады. Артында не ойлап отырғанын білмейсіз. Оларда төрт-ақ сөйлем. Әр сөйлемде екі сөз. Соның бәрі сегіз сөйлем. Осы сегіз сөйлеммен сіздің бүкіл романыңызды береді.

— Бірақ Қыз Жібек пен Төлегенді алып қарайық. Еңлік-Кебек, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу… Махаббаттарын суреттейді. Сонда біздің бүкіл дәстүрлі әдебиетіміз қателік пе?

— Жоқ, қателік емес. Бұл жанрдың ерекшелігі. Қыз Жібек – абстрактілі образ. Оны мақтап отырған ақын бөлек. Өзінің әйелі емес, баласы емес, ештеңесі емес. Образ ретінде айта береді. Мен де айта беруім мүмкін. Қыз-келіншек көрсем мақтай беруім мүмкін, өйткені Қазақстанда өмір сүремін ғой. Егер сіз Америкада өмір сүріп, қыз бен жігітті мақтасаңыз, сізді түрмеге қамап қоюы мүмкін. Онда басқа әңгіме. (…). Мен қайталап айтамын. Егер адамның өзінің үйі болса, жалақысы болса, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады.