Асқар Мамин үйқамаққа алынды

0

Журналист Михаил Козачков өзінің телеграм каналында экс-премьер-министр Асқар Мамин үйқамаққа алынғалы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды kznews.kz сайты qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист Асқар Мамин Қазақстан Темір жолы компаниясына қайта баруы мүмкін деген ақпарат компания қызметкерлерін біршама алаңдатқанын, кейінгілері бұрынғы басшының үстінен премия тағайындауға қатысты жазылған арыздарды таратып жатқанын жазды.

«Арызда ҚТЖ-дағы Алпысбаев, астана әкімшілігіндегі Кизатов, бірінші вице-премьер Р.Скляр фамилиялары жүр», — делінген журналист жазбасында.

Сондай-ақ ол кей дереккөздердің ақпаратына сүйеніп Мамин мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын, қазір бұрынғы үкімет басшысы үйқамақта екенін жазды.

Журналист жазбасы «Айтпақшы ол (Мамин — ред) Кәрім Мәсімовтың сыныптасы» деген әзіл-шыны аралас сөздермен аяқталады.