Асқар Мамин төраға қызметінен кетті
Қысқа сілтеме алу
Директорлар кеңесінен Тимур Сүлейменов те кетті, жаңа құрамға президент көмекшісі Қанат Бозымбаев кірді
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан eGov порталына сілтеме жасап.
Үкімет қаулысымен премьер-министр Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінен шығарылды. Сонымен қатар президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов те кеңестен кетті.
Кеңестің жаңа құрамына президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев кірді.
Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Тағы оқыңыз: Асқар Маминнің өмірбаяны
Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ директорлар кеңесін 2019 жылдың наурызынан бастап басқарды.
Мамин 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды.
sputniknews.kz