Асқар Мамин Қазақ – Өзбек шекарасындағы кеден бекеттеріне барды

0
16 Қараша 2018, 17:54 320 0

Астана, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған топ іссапармен Түркістан облысына келді. Астанадан келген меймандармен бірге аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев шекара бойындағы «Жібек жолы» бақылап өткізу бекетінің жұмысымен танысты.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған топ іссапармен Түркістан облысына келді. Астанадан келген меймандармен бірге аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев шекара бойындағы «Жібек жолы» бақылап өткізу бекетінің жұмысымен танысты.

Кейін қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов бастаған делегациямен кездесті. Тараптар жүктерді өңдеу уақыты мен азаматтардың шекарадан өту процесін оңтайландыру және екі ел арасындағы өзара тиімді сауда – экономикалық тауар айналымын арттыру мүмкіндігін қарастыру жайын талқылады.

Айта кетейік, екі ел арасындағы экономикалық әріптестік қарым – қатынас уақыт өткен сайын нығайып келеді. Сондай-ақ, шекарадағы алыс – беріс, барыс –келістің де көрсеткіші ұлғая түскен. Мәселен, 2017 жылдың 5 айында «Жібек жолы» бақылап өткізу бекетіннен 2,4 миллионнан астам жеке тұлға арлы – бері шекара асса, биылғы жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 4,2 миллионға жуықтаған. Өткен жылы 9277 жеңіл автокөлік өткен болса, ағымдағы жылы 34915-ке жеткен. Одан бөлек, жыл басынан бері жолаушылар тасымалымен айналысатын маршрут іске қосылып, нәтижесінде 1283 автобус Қазақстан аумағына еркін қатынап жүр.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз