Асқар Мамин мен Дмитрий Медведев Татарстанда кездесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Үкімет басшысы Асқар Мамин Ресейге сапары аясында Дмитрий Медведевпен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қазан қаласында Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Татарстанның астанасында Асқар Мамин мен Дмитрий Медведев сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік саласындағы әріптестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылады. Сондай-ақ, интеграциялық, шекаралық әріптестік жайы да сөз болды.

Асқар Маминнің айтуынша, елдер жеткізілетін тауарлар мен қызмет түрін ұлғайтып, бизнес қауымдастықтар арасында тікелей байланыс орнатуы керек.

Тағы оқыңыз: Медведев Түрікменстан президентінен алған сыйлығын көрсетті – видео

Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі. Өткен жылы екіжақты сауда көлемі 13%-ке артып, 18,5 миллиард долларға жетті. 20189 жылдың жарты жылында тауар айналымы 8,8 миллиард доллар болды.

 



sputniknews.kz