Аспирин ауруды асқындырады |
Ұлыбританияның Эдинбург университетінің ғалымы Питер Сандеркок сау адамдарға аспирин қолданудан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша, ацетилсалицил қышқылының пайдасынан зияны көп.
Әдетте адам аспиринді жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын алу препараты ретінде қолданады. Басы ауырса да ішетіндер көп. Бірақ П.Сандеркок бастаған ағылшын ғалымдары бұл дәріні адамдардың орынды-орынсыз қолдануына тыйым салуды ұсынады. Соның ішінде, оның сау адамдарға еш қажеті жоқ. Инсультті өткерген немесе тамыр ауруына шалдыққан адамдар ғана қолдануына болады. Мeddaily.ru-дың мәліметінше, онжылдық сынақ кезінде аспиринді қолданған 10 мың науқастың 170-тен астамында дәрінің кері әсері байқаған.
Дереккөз: Reactor
Дереккөз: http://reactor.inform.kz