«Аспанда бес бірдей күн шықты»: Астана халқы таңғажайып құбылыстың куәсі болды

0

Бұл ерекше құбылысты ғалымдар «гало» деп атайды

Астана, 1 наурыз – Sputnik. Бүгін елордалықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода Астана көгінде бес күн шығып тұрғандай көрінеді.

«Бүгін таңғы сағат 10:00 Астана қаласында 5 бірдей күн шығып тұр!», — делінген әлеуметтік желідегі Qazaqstanda парақшасында.

Сондай-ақ желі қолданушыларының бірі табиғаттың ерекше құбылысын суретке түсіріп үлгеріпті.

Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше құбылыстың «гало» деп аталатынын жарыса жазуда.

Қытайда ерекше құбылыс видеоға түсіп қалды

Гало – оптикалық құбылыс, Күн мен Айдың айналасында пайда болатын жарқыраған шеңбер. Ғалымдардың айтуынша, гало бұлттағы мұз кристалдарының шағылысуы нәтижесінде 5-10 километр биіктікте тропосфераның жоғарғы қабатында пайда болады. «Гало» құбылысы көбінесе қыста қатты аяз кезінде байқалады.

Аспандағы тылсым құбылыс Жапония халқын таңғалдырды



sputniknews.kz