Әскери ұшақ құлады: ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазіргі кезде екі ұшқыш Қарағанды облыстық ауруханасында ем алуда. Біреуінің жағдайы қанағаттанарлық болса, ал екіншісі орташа ауыр жағдайда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрлігі «МиГ-31» ұшағының құлауына себеп болған барлық мәселені қарастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетовтың айтуынша, қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында апаттың себебіне қатысты сан алуан болжам айтылып жатыр. Алайда арнайы комиссияның қорытындысы әлі шыққан жоқ.  

«Комиссия әуе техникадан ақаулық шықты ма, әлде ол істемей қалды ма, осының бәрін жан-жақты зерделеп, тергеудің қорытындысын шығаратын болады. Қазіргі кезде апаттың бірнеше нұсқасы қаралып жатыр. Соның ішінде әуеде ұшақтың істемей қалуы және сыртқы факторлардың әсері бар. Әрине, адам факторы да қаралады», — деді Орманбетов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, ұшақ экипажы бәрін сауатты жасады. Ұшқыштар әуе техникасын барынша сақтап қалуға тырысты. Соған бар күш-жігерін салды. Ұшақты қауіпсіз жерге бағыттап, өздері қатапульттың арқасында аман қалды.

«Әуе кемесін тәжірибелі мамандар басқарды. Біреуі – подполковник Арман Құрманғалиев. Оның 900 сағатқа жуық ұшу тәжірибесі бар. Ал подполковник Иван Гаврилко осы үлгідегі ұшақты 1000 сағаттан артық басқарған», — деп атап көрсетті Орманбетов.

Қазіргі кезде екі ұшқыш Қарағанды облыстық ауруханасында ем алуда. Біреуінің жағдайы қанағаттанарлық болса, ал екіншісі орташа ауыр жағдайда жатыр.



sputniknews.kz