Әскери сарапшы Арктиканың үстінен құрылатын күмбез не үшін қажет екенін айтты

0

Күмбездің арқасында Заполярье авиация, қанатты немесе баллистикалық зымыран болсын, қарсыластың кез келген әуе шабуылына тойтарыс береді

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Ресей Арктиканың үстінен әуеге қарсы қорғаныс күмбезін құрады. Мұның не үшін қажет екенін Sputnik радиосы эфирінде әскери сарапшы Алексей Подберезкин түсіндіріп берді.

Арктиканың ресейлік бөлігінің үстінен әуе күмбезі құрылады. Бұл үшін таяу жылдары Солтүстік флоттың барлық арктикалық дивизионы С-400 зенит-зымыран жүйелерімен жарақтандырылады, деп мәлімдеді Солтүстік флоттың қолбасшысы, вице-адмирал Александр Моисеев.

«Зенит-зымыран және радиотехника әскерлерін жаңа техникамен жарақтау және қайта жарақтау жүріп жатыр. Биыл Жаңа Жерде орналастырылған зенит-зымыран полкін қаруландыруға С-400 зенит-зымыран жүйелері жеткізілді және жауынгерлік кезекшілігін атқарып жатыр. Таяу жылдары  барлық арктикалық дивизионымыз осындай кешендермен жарақтандырылады деген жоспар бар», — деді қолбасшы.

Оның айтуынша, осының арқасында Заполярье авиация, қанатты немесе баллистикалық зымыран болсын, қарсыластың кез келген әуе шабуылына тойтарыс береді.

«Қазір іс жүзінде «Арктика үшін шайқас» басталып кеткені мәлім. Оған барлығы, тіпті арктикалық емес мемлекеттер де белсене қатысып жатыр. Әр мемлекет ықпал ету алаңын белгілеуге тырысып бағуда», — деп санайды ММХҚИ әскери-саяси зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Алексей Подберезкин.

Тағы оқыңыз: НАТО-ның әскери шығыны қандай

Сарапшы Ресейдің жауапты аймағы сенімді қорғалуы тиіс екенін атап өтті.

«Ресейдің қарулы күштері жауапты саналатын аймақ әуеге қарсы қорғаныс және зымыранға қарсы қорғаныс тұрғысынан сенімді қорғалғанын қалаймыз. Бірыңғай радиолокациялық алаң құрылысынан кейін, артынша дәл осы Солтүстік полюс және арктикалық өңірлер арқылы болатын шабуылдан қорғаныс жүйесі құрылады», — деді ол.

Қыркүйек айында Жаңа Жердегі полк алғаш рет С-400 кешендерімен жарақтандырылғаны белгілі болды. Бұл бөлімше 2015 жылы жауынгерлік кезекшілігіне кірісті, бұған дейін қаруландыруда С-300 кешендері тұрған еді.



sputniknews.kz