Әскери оқу орнының 1 курс курсанты қаза тапты

0

2024 жылғы 13 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде тәуліктік нарядқа түскен  1 курс курсанты өзіне-өзі оқ атып, мерт болды. Бұл туралы t.me/modgovkz телеграм-арнасы жазды.

Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен әскери колледждің жеке құрамы курсанттың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Фото: janalyq.kz