Әскери гарнизонда 18 жасар сарбаз көз жұмды

0

Сарыөзектегі әскери гарнизонда 18 жасар сарбаз көз жұмды.

Оқиға 14 қаңтар күні болған.

«2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды», — деп хабарлады 24kz арнасы.

Оқиғаның себептері анықталуда. Сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

фото: ulysmedia.kz