Әскери бөлімнен қару ұрлау ісі: тағы бір күдікті ұсталды

0

Күдіктінің қару сатып алудағы мақсаты, қылмыс жасауының себептері тергеу кезінде анықталады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр 

АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Полиция әскери бөлімнен қару ұрлау ісі бойынша тағы бір күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

«Жедел-тергеу тобы тағы бір адамды, әскери қызметкер Абылай Балғынбайдың сыбайласын анықтады. Күдікті одан екі тапанша сатып алған. Қару тәркіленді», – делінген ақпаратта.

Күдіктінің қару сатып алудағы мақсаты, қылмыс жасауының себептері тергеу кезінде анықталады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Әскери бөлімнен қару ұрлау ісі

Бұған дейін ішкі істер министрлігі 20 ақпанға қараған түні келісімшарт бойынша жұмыс істейтін сержант Абылай Балғымбай әскери салаға қатысы жоқ 1995 және 1996 жылы туған екі досымен бірге 29 автомат, 28 тапанша және екі қару пышағын ұрлап кеткенін хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қару-жарақ ұрланған әскери бөлімде не болып жатыр 

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қару-жарақ әскери бөлімнен бір уақытта шығарылмағанын айтты. Ұрлық қаңтардың соңынан ақпанның ортасына дейін жасалған.

ҰҚК мен ішкі істер министрлігінің бірлескен жедел-тергеу тобы ұрлық жасағандарды ұстап, қаруды тәркілеп алды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз