Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді – Қазақстан жаңалықтары

0
74

Әскери бөлімнен қару ұрланған кіші сержант Балғынбайдың тағы бір сыбайласы қолға түсіп, 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

қару

Ер адам Шымкент қалалық полициясынан танысының үйінде жасырынып жүрген. Одан әскери бөлімнен ұрланған екі “Макаров” тапаншасы мен травматикалық тапанша тәркіленді.

«Бұрын ведомствоаралық топ қызметкерлері сержанттан атыс қаруын сатып алған әскери қызметшінің тағы үш досын ұстады. Қылмыс жасағаннан кейін барлық күдіктілер бөлініп, полициядан жасырынып жүрген. Сондықтан ұстау бірнеше аймақта: Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарында жүргізілді», – делінген ресми хабарламада.

Ұрланған барлық қарудың барлығы тәркіленіпті. Олар: 29 “Калашников” автоматы және 28 “Макаров” тапаншасы, травматикалық тапанша және 2 дана пышақ. ҰҚҚ бүгінгі таңда қаруды қылмыстық мақсатта пайдалану қаупі жоқ деп сеніммен айтуға болатынын жеткізді.

Осы қылмыстық істер бойынша күдіктілер ретінде жалпы алғанда 8 адам жауапкершілікке тартылады: төрт әскери қызметкер, оның ішінде дивизион командирі, қару ұрлаған сарбаздың тағы төрт сыбайластары.

ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

stan.kz