Әскери билет үшін 800 мың теңге алған парақор видеоға түсіп қалды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Екібастұз қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің инспекторы пара алғанын мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қорғаныс және ішкі істер қызметкерлерін парамен ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, Павлодар облысында Екібастұз қалалық қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімнің инспекторы пара алғанын мойындады. Ол әскери әскери билетті жасап бергені үшін делдалдар арқылы 800 000 теңгені заңсыз алған.

«Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Статистиканы келтірейін, қорғаныс министрлігі жүйесінде 2018 және 2019 жылдың төрт айында барлығы 49 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген, 17 тұлға сотталған болатын», — дейді қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин.

Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысында «Ақжайық — адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне түскен өтініштің негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеті анықталды. Ұлттық ұланға қарасты әскери бөлімнің тыл бойынша командирдің орынбасары және мүлік қызметінің бастығы оң актіні бергені үшін ЖШС директорынан 300 мың теңге алған. Біреуі майор болса, екіншісі –лейтенант.

Тағы оқыңыз: Ұлттық тестілеу орталығының басшылары ұсталды

«Сот санкциясы бойынша командир орынбасарына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Кінәсін толық мойындауына байланысты мүлік қызметінің бастығына қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда», — деп атап көрсетті Бердалин.



sputniknews.kz