«Әскерден қайтып оралған кезіңді көрейік». Ағасын әскерге шығарып салған кішкене қыз көпшіліктің жүрегін елжіретті

0

TikTok желісінде 9 жасар қыздың әскери борышын өтеуге аттанып бара жатқан ағасын шығарып салған сәті көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ол ағасының қолына жүрекшемен безендірілген хат ұстатқан, — деп жазады Kznews.kz  Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Stan.kz ақпарат агенттігі бөліскен видеодан аға мен қарындас арасындағы ерекше махаббатты, ерекше қимастық сезімін көруге болады. Желі қолданушылары бұл көріністен қатты әсерленіп, түрлі пікір жазды.

“Жаным, әбден жылаттың ғой”, “Дәл осы құраммен аман-есен үйге оралыңдар!”, “Жаным, ботам, жүрегіңнен. Ағасы аман-есен әскерден оралсын”, “Таң атпай бір жылап алдым ғой”, “Бұйырса қайтып келген кезіңді көрейік”, “Бауыр деп соққан ақ жүрегіңнен. Жанашыр болған түріңнен. Аман-есен оралып, қарындасыңның қорғаны болуыға тілектеспін,” “Алла ағаңа аман қауышуды жазсын”, “Жаным періштем”,- деп жазды қолданушылар.