Әскердегі қайғылы жағдай: Маңғыстауда бір сарбаз қаза тапты

0

Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында бір сарбазға байқаусызда оқ тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Қайғылы оқиға «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.

Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оның өмірін арашалау мүмкін болмаған. 17:40 шамасында ер адам көз жұмды.

Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.