Ашынған тұрғындар Талғар трассасын жауып тастады (видео)

0

Сенбі, 29 мамырда Алматы облысы Талғар ауданындағы Қарабұлақ (бұрынғы Ключи) ауылының тұрғындары жергілікті зират мәселесіне билік назарын аудару үшін жолды жауып тастады. Оқиға болған жерден түсірілген видеоны Instagram әлеуметтік желісінде kris_p_talgar группасында жариялады , — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Таңертең адамдар зираттың айналасында ор қазып жатқан экскаваторды тапты. Осылайша, тұрғындардың айтуынша, зират жанындағы жердің жаңа иелері қабірлерге өтетін жолды жапқысы келген.

Бұған дейін жергілікті тұрғындарға қазіргі жерге жерлеуге тыйым салынғаны және билік зират үшін басқа жерлер бөлгені туралы хабарланған болатын. Бірақ бұл шешім ауыл тұрғындарына ұнамаған.

Жол жабылғаннан кейін бір сағат өткен соң Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов жиналғандардың алдына келді. Осыдан кейін көліктер жолдан шығарылды.

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, мәселені шешу жолдарын қарастыратын жұмыс тобы құрылды.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Осы жылдың сәуір айында, Қарабұлақ тұрғындары учаскелердің жаңа меншiк иелерi зират жеріне коттедждер қалашығын салғалы жатыр деп хабарлаған болатын.

«Зираттың жанында коттедж қалашығын салуға жер сатып алды. Жақында бір әйелге туысын жерлеуге тыйым салынды. 1987 жылы біз бұл жерді мұсылмандардың жерленуіне бөлдіртіп алғанбыз. Көптеген аталарымыз осында жатыр» — деп шағымданды тұрғындар.

Бұдан кейін Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі зираттың Кеңес заманынан бері ешқандай құжатсыз жұмыс істеп келе жатқанын нақтылады.