Ашуланған әйел жалаңаш күйеуін көңілдесімен бірге ағашқа байлап тастады
Полицейлер әйел жанжалдан кейін отбасын сақтап қалу үшін «батыл шаралар» қабылдағанын атап өтті
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Қытайдың Гуйчжоу провинциясының тұрғыны көшедегі ағашқа көзіне шөп салған күйеуі мен оның көңілдесін байлап тастады. Бір топ адам жартылай жалаңаш ер мен әйелге күліп жатқаны түсірілген видеоны The Sun порталы дүйсенбі, 25 ақпан күні жариялады.
Видеожазбадан сондай-ақ оқиғаға араласпай, бақылап қана тұрған полицейлерді көруге болады, деп жазды Известия.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, әйел күйеуін көңілдесімен ұстап алып, оларды көшеге шығуға мәжбүрлеп, ағашқа байлап тастаған.
Хушуи округінің қауіпсіздік бюросы болған оқиғаны растады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әйел жанжалдан кейін отбасын сақтап қалу үшін «батыл шаралар» қабылдағанын атап өтті. Қамауға алуға қатысты ешқандай мәлімет жоқ.
Айта кетейік, қаңтар айында Индонезияның Шығыс Ява провинциясында әйел ұялы телефонының құпия сөзін айтудан бас тартқаны үшін күйеуін тірідей өртеп жібергені хабарланған болатын.
sputniknews.kz