Ашкөздік үшін жазалады: хакерлер алғыр қазақстандық сатып алған Nur-Sultan.kz доменін бұзды  – Қазақстан жаңалықтары

0
126

Еліміздегі бас қаланың аты өзгерген соң, Ақтөбе тұрғыны Nur-Sultan.kz доменін 24 миллион теңгеге сатып алды. Алайда белгісіз хакер парақшаны бұзды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Ашкөздік үшін жазалады: хакерлер алғыр қазақстандық сатып алған Nur-Sultan.kz доменін бұзды Белгісіз хакер Nur-Sultan.kz парақшасын бұзды. Домен telderi.ru деп аталатын сайттардың және домендердің ресейлік биржасында сатылды.

«Қазнетте қызықты оқиға орын алды. Кибрсквотер 24 миллион теңге тұрған (63 мың доллардан көп) Nur-Sultan.kz доменін сатып алды. Сосын ресурстың иесін белгісіз хакер бұзды. Хакер басты бетке шағын дефейс орнатты», — деп хабарлады Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы.

Парақшада балағат сөздері бар хабарлама тұр. «Мүмкін болашақта адамдар осындай қателіктерді жібермеуді үйренетін шығар. Домен үшін 24 млн…», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, сайтқа Рик Эстлидің «Never gonna dive you up» атты әні салынған

stan.kz