Әшімбаев жауабы: 2022 жылы күзде президент сайлауы өте ме?

0

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанда күзде президент сайлауы өтеді деген қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ол қауесет, бос сөз деп ойлаймын. Бүгінде саяси реформаларды жалғастыру міндеті тұр, заң қабылдап, партиялар арасындағы бәсекені күшейтіп, жаңа адамдар келуі керек. Көп жұмыс күтіп тұр», — деді Әшімбаев.

Ол заң бойынша сайлау белгілі бір уақыт аралығында өтетінін, бәрі заң бойынша өтетінін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда президент сайлауы 2019 жылы өткен болатын. Қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинаған.