Әшімбаев, айтшы өзің 30 жылда саясиланбаған не қалды – Белгілі профессор Сенат төрағасына үндеу жасады

0

Менің сенат төрағасына сауалым бар…

Қазақ тілінен, ділінен, болмысынан, салты мен мәдениетінен, жерінен, еркінен айрылды. Отар болды. Мұны саясиландыруға болмайды, себебі қазақтар кінәлі. Өздері ғой көшпелі мал соңында жүріп, цивилизациядан құр қалған. Кезінде Шоқан да қазақтар христиан болса ғана цивилизацияға жетеді, ислам басты кедергі деген. Қош енді, анық орыс жахандануы басталды.

1917-1991 арасы орыс коммунистік жахандану дәуірі. Орыс глобализациясы кеңістікті қайта культивациялауды қолға алды. Алдымен өз топырақтарындағы ұлттарды сүрді, тартып алды, қырды. Зорлап көшірді. Кавказ солай сүрілді. Қазақтар тарыдай шашылды. Мәселе жан сауғалау. Арқада аяз қыспаса, арқар ауып несі бар?! Қазақтың жері қазақ ұлтынан жартылай аршылды. Қазақ саны да сапасы да кеміді. Сосын ың жыңсыз целина басталды. Тың жерлерді жыртты, қазақтың тінін рухын жыртты.

Алтын күн аспаны деген рухани жанайқай шықты. Қала мен дала диалнктикасын қосты. Кеңістікті де. Сосын цитадель теориясын қосты. Қазақты еріксіз қаңғыртты. Сосын сананы, тілді, ділді акциологиялық қаңыратуды қолға алды. Сосын воинствующий атеизмді қосты. Руханияты селдіреді.

Сосын коммунистік ұлтсыздандыруды совет адам идеологиясын қосты. Нәтиже белгілі. Ал саясиландырма! Бүгін қазақ сол таз қалпында тұр. Кеңестік инерциядан айыққан жоқпыз…Тиме, осылай қалсын, Ресейге де, билікке де осы ахуал шарт. Саясиландырма! Айтшы өзің бұл елде отыз жылдан бері саясиланбаған не қалды?

Досай Кенжетай – философия ғылымдарының докторы (Facebook парақшасынан)