Асхат Садырбай коронавирус жайлы: Көп нәрсе енді бұрынғыдай болмайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Тележүргізуші Асхат Садырбай коронавирус жайлы ойын айтты. Әлемді жаулаған індеттен кейін енді көп нәрсе бұрынғыдай болмайды дейді ол.

асхат садырбай

«Кеше испан суретшісінің суретін салған постқа бір оқырман “қайдағы вирус, өтірік, вирус жоқ” деп жазып кетіпті. Вирустан зардап шегіп, үлкен қиындықты бастан өткеріп жатқан әлем ақымақ та, ол кісі ақылды екен… Мойындасақ та, мойындамасақ та COVID-19 дың әсерінен әлем үлкен өзгерісті бастан кешіп жатыр. Өте үлкен перезагрузка. Енді көп нәрсе бұрынғыдай болмайтынына көз жетуде», — деп жазды ол. 

Вирус бар ғой, бірақ біздің иммунитет жеңіп кетіп жатыр. Әйтпесе, мына жүріспен елдің бәрі қырылып қалар еді. Автобус тола халық маскасыз жүрген. Базарды айтпай ақ қояйын», «Пенде пендешілікке саламыз, жалғыз бізде болса, айтуға болады, бүкіл әлемде болып жатқан жағдай, бүкіл әлем болып ерігіп отырмаған шығар, қандай жағдай болса да, адам өз басына түспей түсінбейді, әрине оның беті әрман, халқымыз аман болсын», «COVID-19 «ЖОҚ » деп айтатын адамдар, өте сауатсыз, ойлау қабілеті өзінің маңайындағыдан ары көрмейтін, көкірегіі, санасы ұйқыдағы адамдар. Менің танысым врач, хирургия, COVID-19 » нақ майданында жүріп, жұқтырыпты. Зіңгіттей, тепсе темір үзетін жігіт. Әйтеуір аман-емес шықты үйіне. Салмағы 48-50 кг, шашы аппақ, 80 жастағы шалдай қурап кетіпті. «Температура 40 тан түспей, 7-8 күндей, күнде ол дүниеге бір барып келіп отырдым» деп отыр. Енді әл жинап, өзінің қалпына келу үшін тағы да 4-5 айдай уақыт қажет, дейді. Аллам халқымды сақтасын. Бірақ «сақтансаң сақтаймын » дегенді ұмытпау керек», «Алла сабыр берсін. Кімге болсада оңай болмай жатыр», — деді желі қолданушылары.


«Біздің өмірімізге анам араласқан жоқ»: Асхат Садырбай екінші әйелімен ара қатынасы жайлы


 

stan.kz