Асхат Садырбай «Астарлы ақиқаттан» кете ме? — Дина Төлепберген жауап берді
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_7436.png)
Асхат Садырбайдың жеке өміріндегі қиындықтардан кейін халық оның мансабын талқылауда. Алайда “Асхат Садырбай “Астарлы ақиқаттан кете ме?” деген сұраққа Дина Төлепберген жауап берді.
«Асхат Садырбайды «Астарлы ақиқаттан» неге алып тастамайсыз? Қоғамның маған қойып отырған сұрағы осы. Бірақ, алдымен бір нәрсені түсініп алайық. «Астарлы ақиқат» — менің жобам емес. Бұл — КТК телеарнасының меншігі. Ия, мен оның анасымын. Бағытын анықтадым, жүргіздім, көтердім. Бірақ әр бала ерте ме, кеш пе өз жолына кетеді. 2024 жылдың қаңтарында мен жүргізушілікті тоқтаттым. Орныма Бердімұрат Хасен келді. Оны өзім ұсындым. Мамырға дейін бағдарламаның өндірісіне менің компаниям жауап берді. Маусымда бүкіл командаммен жобадан кеттік. Түсінікті болу үшін «Астарлы ақиқатты» көлікке теңесем, мен оны айдадым, жөндедім, жолға шығардым. Бірақ, бір күні кілтті иесіне тапсырдым. Одан кейін ол көлікті кім жүргізетінін мен шешпеймін. Мен өз бағытыммен жүрмін. Ал, Асхат Садырбайға келсек, мен адамды оның жеке өмірінен бөліп қарай алмайды екенмін. Себебі адам — тұтас. Ісі мен сөзі бір жерден шықпаса, ол — жалған. Жұмыс пен өмірі екі бөлек болса, ол — алдау. Жалғанға жауапкершілік керек. Мен азғындықтың құрбаны болған әйелдерге тыныш, бейбіт өмір тілеймін. Өзіңді қорғауға мәжбүр болмау — әр әйелдің құқығы. Және тағы бір тілегім, ер адам сөзбен емес, ісімен биік болса екен. Экранда ғана емес, өмірде де. Бұл тек Асхатқа ғана емес, барлық ер азаматтарға айтылған аманат!», — дейді Дина Төлепберген.
фото: ашықдереккөз