Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» АҚ-ты ресми түрде басқарадыv
«ҚазМұнайГаз» АҚ директорлар кеңесіне Асхат Хасеновтің сайланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Kznews.kz.
«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ компанияны ресми түрде Асхат Хасенов басқаратынын мәлімдеді.
28 мамырда өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып Асхат Ғалымұлы Хасенов тағайындалды, — делінген хабарламада.
Тағы да не
Хасенов «ҚазМұнайГаз» АҚ директорлар кеңесіне сайланды. Сондай-ақ ҚМГ жалпы жиналысының шешімімен ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Хасенов туралы не белгілі
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай-газ өндіру цехында 3-разрядты оператор болып бастады. Осы жылдар ішінде мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.
2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Мырзағалиев
Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы болып 2022 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын. Бұған дейін бірнеше жыл Мұнай және газ вице-министрі қызметін атқарған, Энергетика министрінің орынбасары, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, Энергетика министрі болған.