Асхат Аймағамбетов Президенттің қабылдауында болды

0

Бүгін, 12 сәуір Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас мұғалім Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Министрдің мәліметіне сүйенсек:

  • Тарих, қазақ тілі, философия, археология, математика, шығыстану және басқа да салалар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген 4 мыңнан астам ғалым тұрақты еңбекақы алады.
  •  Ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімі бұрынғы 3 жылдан 5 жылға дейін созылды.
    Жас ғалымдарды қолдау үшін постдокторантураға мың грант бөлінді.
  • 2 мыңнан астам жас ғалым 17 миллиард теңгенің грантын алды.
  • Жыл сайын 500 отандық маман республикалық бюджет есебінен әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Президент мектептегі білім беру сапасы мен мұғалімдердің мәртебесін арттыру жөніндегі мақсатты жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

(Ақпарат, фото Bort N1 телеграмм- арнасынан алынды)