Асхат Аймағамбетов тестілеу кезіндегі тәртіпбұзушылықтар туралы айтты
Қысқа сілтеме алу
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу кезінде 10 бөгде тұлға анықталған
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Магистратураға түсу үшін жаңа форматтағы кешенді тестілеудің алғашқы күні өтті, деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Емтихан өткізудің барынша ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық өңірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтардың және қоғамның басқа да мүшелері бақылаушылар ретінде тартылды», — деп жазды білім министрі.
Тағы оқыңыз: Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысы не үшін ұсталды — тың деректер
Аймағамбетов атап өткендей, бүгінде білім беру жүйесіндегі адалдықтың жаңа стандарттары қалыптасып келеді: емтихан кезінде жалғандыққа жол беру – әлдеқайда маңызды құқықбұзушылыққа жол берудің алғашқы қадамы.
«Бірінші күннің нәтижесіне келетін болсақ, тестілеуге келген 5705 қатысушының 4014-і смартфонмен келген. Ал 216 үміткер тыйым салынған заттарды пайдалану әрекеттерін жасаған, олардың нәтижелері жойылды», — деп мәлімет берді БҒМ басшысы.
Сонымен қатар 10 бөгде тұлға анықталған екен, олар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілмек.
Тағы оқыңыз: Сарыағаштық түлек ҰБТ-дан 140 ұпайды қалай жинағанын айтты
Сөз соңында Аймағамбетов барлық үміткерді белгіленген тәртіпті сақтауға шақырды.
sputniknews.kz