Асхат Аймағамбетов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

0
Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото. Karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақ активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке осыған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған 36 жастағы Асхат Аймағамбетов тағайындалды.

Облыс әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, Асхат Аймағамбетов облыс әкімінің орынбасары қызметінде әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік етеді.

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Тарих және құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғарғы білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де бастаған. “Аңсар” Жастар лигасын басқарды. Қарағанды қалалық мәслихатынаа өзін-өзі ұсынушы ретінде екі рет депутат болып сайланған.

2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы білім бақсармасының жетекшісі қызметін атқарды. 2017 жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Білім және ғылым вице-министрі лауазымында болып, мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру, ғылым мәселелеріне жетекшілік етті.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz