Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды
Әсет Исекешев жаңа қызметке келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
Бас қаланың бұрынғы әкімі және Президент Әкімшілігінің экс-басшысы Әсет Исекешев Тұңғыш Президент қорының басшысы атанды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
«Исекешев Әсет Орынтайұлы Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің қорының директоры болып тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 24 наурыз күні Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды. Ол 2018 жылдың 10 наурызында Президент әкімшілігінің бастығы болып бекітілді. Бұл қызметіне дейін қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болды.