Әсет Исекешев маска мен антисептик бағаларын негізсіз көтеру жағдайларына тап болған кезде қайда хабарласу керектігін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев медициналық бетперде мен антисептиктердің бағасын негізсіз өсіріп жіберген саудагерлер жайлы қайда мәлімдеу керектігі жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бетперде

Бұл туралы президент кеңесшісі өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Кеше мемлекеттік комиссиясың төтенше жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында үшінші отырысы болып өтті. Үкімет, әкімдер, президент және қауіпсіздік кеңесінің аппараттары бірыңғай штаб ретінде тәулік бойы үзбей жұмыс істейтіні айтылды. Басты назарда — мониторинг, талдау, карантин, тамақ, дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдаудың жаңа жағдайларда жұмыс істеуі, басқа да мәселелер бойынша жедел шешім қабылдау сұрақтары. Әсіресе, қазақстандық азаматтардың шетелден оралуы ерекше бақылауға алынды», — деп жазыпты Әсет Исекешев .

Сондай-ақ ол 2020 жылдың 22 наурызында сағат 00.00-ден бастап карантинге байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының барлық бекеттерінде пойыз жүрісі тоқтайтынын айтып кетті. Сөзінше, бұл жағдай  транзиттік пойыздарға да қатысы бар. Ал трафикті қалпына келтіру туралы кейінірек хабарланады екен. Рейсі тоқтатылған пойыз билеттерінің иелері  болса ақшаларын толық қайтара ала алады дейді Исекешев.

«Медициналық маскаларға келетін болсақ, Қазақстанда 48 маска өндіруші бар. 17 наурызда, бір күн ішінде жалпы саны 300 мыңнан астам маска шығарылды. Қоймаларда қазір 760 мың маска сақтаулы. Сауда нүктелерінде жеткізу үздіксіз жүзеге асырылып отыр. Экспортқа мүлдем тыйым салынды. Қысқасы, масканың барлық аймақтарға жетуі үшін қолымыздан келгенше ат салысып жатырмыз. Егер сіз маскалар немесе антисептиктерді қымбат бағаға сату жағдайына кезіксеңіз, мына нөмірлерге қоңырау шалыңыз: + 7-7172-70-84-78 және + 7-7172-31-61-45. Бұл қаржылық бақылау комитетінің сенім телефоны», — деп қосты шенеунік.

Әсет Исекешев әлеуметтік желілердегі карантинді талқылау да мұқият қадағалауда екендігін атап өтті. Барлық мәселелер бойынша дереу тиісті орындар — әкімдіктер, Ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі және басқалар ақпарат береді.

«Қорытындылай келе, дәрігерлердің, полицияның, әскери және басқа да қызметкерлердің жұмысына жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Жағдай күрделі, бірінші рет карантин енгізілді, барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалуда. Сіздерге деген өтінішім: жалған сөздер мен қауесеттерге сенбей, карантин режімін сақтаңыздар. Тағы бір дүние — көпшілік ортада кем дегенде екі метр қашықтықты ұстауға кеңес беремін. Қолыңызды жиі жуып, қажет болмаса, үйден шықпаңыздар. Тұмау белгілері болса дереу дәрігерге хабарлаңыздар және олардың нұсқауларын нақты орындаған жөн. Вирустың таралуын тоқтату әрбір қазақстандықтың қолында. Сақтанып жүрейік. Абай болыңыздар», — дейді Әсет Исекешев.

 

 

stan.kz