Әсем Есенгелдиева халықаралық байқауда Miss Asia Global титулын жеңіп алды

0
мисс Азия
Фото: Velada агенттігі

Қазақстандық Әсем Есенгелдиева Үндістанда өткен Miss Asia-2018 халықаралық сұлулық байқауында Miss Asia Global титулын жеңіп алды. Байқау Кочин қаласында 2-10 қараша аралығында өтті.

Velada халықаралық модель агенттігі pr-қызметінің хабарлауынша, байқауға әлемнің 25 елінен сайыскер қатысты. Арулар Үндістанда сан алуан дефиле мен салтанатты шаралардан тұратын қауырт аптаны бастан өткерді.

Әсем Есенгелдиева
Әсем Есенгелдиева. Фото: Velada агенттігі

Miss Asia Global Kazakhstan-2018 аймақтық байқауының жеңімпазы Әсем Есенгелдиева Miss Asia Global титулымен бірге “Ең әдемі шаш” аталымы бойынша да жүлдеге ие болды. Ұйымдастырушылар берген ақшалай сыйлықтың белгілі бір бөлігін Әсем шұғыл операцияға зәру жергілікті балаларға көмек ретінде аударды.

Әсем Есенгелдиева
Әсем Есенгелдиева. Фото: Velada агенттігі

Әсем Есенгелдиева Алматыда тұрады. Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің үшінші курс студенті. Бойының ұзындығы – 177 сантиметр. 2015 жылы “Іле ауданы аруы” атанған, 2016 жылы “Алматы аруы” байқауының финалында бақ сынады. Биыл “ТМД аруы” халықаралық сұлулық байқауында “бірінші вице-мисс” атанды. Әсем бос уақытында садақ атумен, ән айтумен айналысады.

мисс Азия
Фото: Velada агенттігі

Miss Asia халықаралық сұлулық байқауы елуінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Байқау құрлық бірлігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселесін насихаттайды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз