Әселмен 4 жыл бұрын бірге тұрған, Жұлдызбен 5 жылдығын тойлап жатыр: Желі қолданушылары Айқынды айыптады (видео)

0
182
Advertisement

Айқын мен Жұлдыз 5 жылдығын атап өтті. Бес жыл бұрын кездескенін айтып, көпшілікке қуанышын бөлісті. Әр сәтті қалт жібермейтін тығдармандары Айқынның 4 жыл бұрын ғана бірінші әйелімен ажырасқанын айтып жатыр.

Жұлдызды жұп отбасымен бірге 5 жылдығын атап өтті. Қос әнші атаулы күнді Дубайдағы ең қымбат қонақ үйде тойлады. Бұл сәт желідегі парақшасында жария болды.

«Біз бүгін бес жылдығымызды тойлап жатырмыз. Жұлдыз екеуміз осыдан 5 жыл бұрын кездесе бастаған едік. 20 қазан күні 5 жыл болды. Дубайдың қонақ үйінде атап өтіп жатырмыз. Мен Жұлдыздың артынан қалмай кездескен едім. Телефон нөмірін тауып алдым. Ол басын алып қашты. Сонда да соңынан қалмай жүріп қаратқан едім. Біз сол кезде кездеспегенде екі балам болмас еді. Бүгін сол мерейтойды тойлап отырмыз», – деді Айқын.

Әнші Жұлдыздың соңынан қалмай жүріп алғанын айтады. Ал желі қолданушылары отбасылы азаматтың мұндай әрекетіне ашуланды.

«Сіз бес жыл бұрын отбасылы едіңіз. Әйеліңіз Әселмен ажыраспаған едіңіз ғой. Қалай 5 жыл болады?», «Әйеліне опасыздық жасаған ғой. Ол белгілі емес пе?», «Жұлдыз отбасы бар ер адаммен кездесе берген бе? Көңілдесі болған ба?», 4 жыл бұрын ғана Әселмен бірге түскен бейнебаяны шыққан еді», – деп жазды олар.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз