“Әселден басқа келінім жоқ”: Айқын Төлепбергеннің анасы ұлының екінші некесі туралы айтты

0

Танымал әнші Айқын Төлепбергеннің анасы ұлының екінші некесіне неге қарсы болғанын айтып, сұхбат беріп отырып жылап қалды, – деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесінің анасы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында бірінші келіні Әселден басқа ешкімді қабылдамайтынын айтып, ұлына ренжігенін жасырмай айтып берді.

«Әселден басқа келінім жоқ, басқа келінді қабылдамаймын» деп ашық айттым. Бірақ әкесі «Баланың шешіміне қарсы болма» деді. Содан кейін батамызды бердік. Ұлым «Екі баланы ешқашанда жалғыз қалдырмаймын, жаныңа әкеп тұрамын, барып тұрасың. Бәрін толығымен өзім асыраймын» деп уәде берді. Сол сөзінде тұрды. Екі немерем үшін қиналдым. Аңсар мен Асылым үшін уайымдадым. Қасымда ғой, бірақ әкесінің қасында жүрген жоқ қой. Бір үйде қонып жүрген жоқ», – деп көзіне жас алды Айқынның анасы.

Айқын Төлепбергеннің таңдауы Жұлдыз Өмірғалиға түскен соң анасы да оны қабылдауға мәжбүр болыпты. Тіпті екінші келінімен жерлес болып шығыпты.

«Кейін Жұлдызды қабылдадым. Бүгінде екеуінің екі баласы бар. Мінезі жақсы. Екеуміз жерлеспіз. Екеуміз де Жамбыл облысының қыздарымыз», – деді ол.