Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші сүйіктісімен некесін қиды

0

Отандық актриса Әсел Сәдуақасова сүйіктісі Мағжанмен мұсылманша неке қидырды. Бұл жайлы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Міне, осылай. 13.06.2023 — отбасы құрған күніміз”, – деп жазды Әсел Сәдуақасова.

Өнер иесі мен блогер Мағжан Тілеухан АХАЖ бөлімінде заңды түрде және мұсылманша неке қидырды. Жас жұбайлар бақыттан бал-бұл жайнап неке жүзіктерімен алмасты.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға бақыт тілеп, ақжарма тілектерін арнады.

“Бақытты болыңдар, “Құттықтаймын! Алла бір жастықта немере шөбере арасында қартаю жазсын”, “Бақыттарың баянды болсын,Әсел қыз”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Ақ орамал әдемі жарасып тұр”, – деп жарыса жазды желідегілер.