Әсел Сәдуақасова: Мен 36 жастамын. Осы күнге дейін интимді қарым-қатынаста болмадым

0

Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова желі қолданушыларының жеке басына қатысты сұрағына жауап берді.

Әнші әрі актрисаның Instagram желісіндегі оқырмандарының бірі одан жыныстық қатынасқа түскен-түспегені туралы сұрады.

«Мен 36 жастамын. Осы күнге дейін интимді қатынаста болған емеспін», — деді ол.

Сондай-ақ, ол жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді.

«Бәріңізге бірден жауап берейін. Сіздер жеке парақшамнан және басқа жерден маған қатысты көп нәрсе көріп жүрсіздер. Менің жеке өмірім тек өзіме тиесілі. Сол себепті бұл менің өмірім. Расымен де, жасырынатын интровертпін», — деп жазды ол.

Әрі қарай жігіттерге қатысты талғамына тоқталды.

«Ең бастысы, адамгершілі мен мейірімділігі болуы керек. Мінезім берік адаммын. Ер адамның менен мықтырақ болуы маңызды. Балалар мен жануарларды жақсы көруі тиіс. Ақылды, жомарт, әзілдей алатын және көп жұмыс істегенді жақсы көрсе екен деймін», — деп аяқтады ол сөзін.