Әсел Сәдуақасова фотограф жігітпен көңіл қосқан ба? — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Актриса әрі кинопродюсер Әсел Сәдуақасова бейтаныс жігітпен бассейнде түскен суретін жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды. 30-дан асса да, осы уақытқа дейін теңін таба алмаған бикеш екіұшты жазба қалдырып оқырмандарының санасын сан-саққа жүгіртті, деп жазады Stan.kz.

Әсел Сәдуақасова фотограф жігітпен көңіл қосқан ба?

«Мяу», — деп жазды Әсел бөліскен суретінің тұсына. 

Әселдің фотосындағы жігіт Бауыржан есімді фотограф жігіт болып шықты. Ол да өз парақшасында аталған фотоны бөлісіп: 

«Айналада үнемі бірдеңе болып жатады. Жақында еліміздің барлық экрандарында… Бүкіл әлем күте тұрсын», — деп жазды. 

Желі қолданушылары Бауыржан мен Әсел көңіл қосқан деп топшылап, екеуіне бақыт тілеумен болды. Оқырмандардың бірі Бауыржанның Әселге деген көңілін біраздан бері байқап жүргенін атап өтті. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz