Әсел Керімді «Qazaqconсert» ұйымынан өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүрлеген
«Қазақконцерт» ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы Әсел Керім facebook парақшасында жазба қалдырды. Онда Ә.Керімді жұмыстан өз еркімен кетуге, арыз жазуға мәжбүрлегені айтылған.
«Ал, достарым, жаңа командам тіпті демалуыма да мүмкіндік бермей, мені бүгін «өз бетімше» арыз жазуға мәжбүр етті.
Әрине, мен ештеңеден қорықпаймын,бұл туралы ашық айта аламын. Бірақ олардың деңгейіне түскім келмейді.
Жетекші болған екі жыл ішінде мен екі жүзден астам түрлі жанрдағы іс-шаралар мен концерттер өткіздім, бұл мен үшін мақтаныш!
Мен тәжірибе мен сенім үшін — менің басшылығыма, жұмыс пен ынтымақтастық үшін — командама, достық үшін — сіздердің көпшілігіңізге, үлкен мүмкіндіктер үшін — барлық адамға алғыс айтамын. .
Мен әрқайсыңызды әлі де жақсы көремін және мен «Qazaqconcert» ұйымымымен бірлескен жұмысымыз туралы тек жақсы естеліктер қалдырдым деп үміттенемін», — деді Әсел Керім.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1360342434412501&id=100013102723982