Әсел Асқар: Әжемнің ойлау қабілеті, күш-жігері ер адамдардың есінен тандырады — Қазақстан жаңалықтары

0

Актриса Әсел Асқар әжесі мен атасының махаббаты жайлы сөз қозғады. 61 жыл бірге тұрған ата-әжесінің махаббаты әлі  жалындап тұрғанын, оларды өмір бойы өзіне үлгі ететінін айтады.  

Әсел Асқар: Менің әжем шығармашылыпен айналысқанда, нағыз жетістікке жеткен адам сол болар еді

«Махаббат түсінігі басқа нәрселер секілді бала күннен басталады. Адам ақылды болып тумайды. Кей адам баласына бала күнінен дұрыс жолды көрсетеді.

Менің түсінігімде махаббаттың басты символы — менің әжем. Ол менің әрбір жақсы қасиетімнің үлгісі. Барлық келін әжемді «темір әйел» деп атайды. Оған қарап бой түзейді. 

Меніңше, егер менің әжем шығармашылық адам болса, саясатта немесе халықаралық қатынастар саласында жетістікке жетер еді. 

Оның стратегиялық ойлау қабілеті, күші, жігері ер адамдардың есінен тандырады.

Мен оның эмоцияға берілген кезін көрмегем. Өзін патшалық образда ұстайды. Өзін ұнатпайтын адамдарға да жақсы қатынас көрсетеді. 

Жақында әжемнің көзіне ота жасады. Карантинге байланысты ол үйге қайтып орала алмай жатыр. Әжемнің көңіл-күйі түсіп жүрді. Атамды уайымдайтын. Күнделікті атамның аяғына массаж жасап, ісіп кетпеуінің алдын алып жүретін.

Әжем атамды мақтаумен болды. Олар 61 жыл бірге тұрып жатыр. Былтыр гаухар тойлары болды. Осындай махаббат иелері құдайдан күніге бір-біріне зор денсаулық тілеп жүреді. 

Осы махаббат иелері маған өмір бойы үлгі. Жыл сайын олардың махаббатына куә болып келемін. Құдайдан қарттарымызға зор денсаулық тілеймін», — деп жазды Әсел желідегі парақшасында. 

Желі қолданушылары немересі мен әжесінің бір-біріне қатты ұқсайтынын айтуда. 

«Бізге жұғысты болсын! Осындай үлгілі отбасы болуды жазсын», «Ата-әжеңізге ұзақ ғұмыр берсін», «Әжеңіздің жолын берсін сізге», — дейді олар. 

stan.kz