Асанәлі Әшімовтің көлігі әлеуметтік желіні шулатты

0
42
Видеодан алынған кадр

Белгілі кино және театр актеры Асанәлі Әшімовтің көлігіне тағып алған номері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде жарияланған видеода қара түсті жол талғамайтын көліктің мемлекеттік номерінің орнына  «ASANALI» деген жазу ілінген. Ал полициялар арнайы қызметтік көлікпен ілесіп жүрген. Көлік жол жиегіне аялдаған кезде Асанәлі Әшімовке бірнеше полиция қызметкері құрметпен амандасып жатқаны байқалады.

Желі қолданушыларының бірі мұның заңсыздық екенін айтса, енді бірі ұлы өнер иесіне деген құрмет деп бағалап жаттыр.

«Асанәлі Әшіміовке заң жоқ па сонда? Номер тақпайды дейсің ғой. Гаишниктер тоқтатпақ түгілі, қолын сүйейін деп жүр ғой», «Жаңа Қазақстан деген осы ма?», «Бәріне бірдей болуы керек. Әйтпесе, еліктегендер есіріп кетеді», десе, енді бірі «Міне, құрмет», «Жүре берсін. Асанәлі біреу-ақ қой!», – деген түрлі пікірлер жазылуда.