Асанәлі Әшімов жеке заттарын мұрағатқа тапсырды
Халық әртісі Асанәлі Әшімов өзінің құнды жеке заттарын мұрағатқа тапсырды. Оның ішінде заттары, ордені, қолжазбасы бар. Олардың саны 200-ден асатынын кино және театр актері “1001” түн бағдарламасында видео арқылы айтты.
“Жуырда қалалық музейде екі бөлме ашылады. Сол жерге өзімнің оқыған кітаптарымды, қолжазбаларымды өткіздім. Әсіресе, кино мен театрдан естелік болған заттарымды өткіздім. Осылай өскелең ұрпаққа үлгі болатын, тәрбие беретін бұрыш болады деп есептеймін. Алдағы уақытта толықтырылып отырады. Оның ішінде домбыра да, шахмат та бар. Қимайсың. Күнде пайдаланып жүрген заттарым ғой”, — деді Асанәлі Әшімов.
фото: paryz.kz